Балаларды қорғау күні: елімізде 1 мыңнан аса іс-шара өтеді

549

Мерекелік шараларға 3 миллионнан астам бала мен ата-ана қатысады.

Балаларды қорғау күні: елімізде 1 мыңнан аса іс-шара өтеді Фото: google.com

Елімізде "Балалар игілігі үшін!" республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның барлық аймағнда 1000-нан астам түрлі іс-шара өткізіліп, оған 3 миллионнан астам бала мен ата-ана қатысады. Бұл республиканың барлық қаласы мен облыс орталықтарының саябақтарында балаларға арналған гала-концерттер, мәдени-ойын-сауық бағдарламалары, мұражайларға, саябақтарға, театрларға, спорт нысандарына бару және т.б.

Бірқатар облыста "BALAFEST" балалар фестивалін өткізу жоспарланып отыр. Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталады. 

"Сондай-ақ жетім-балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және жекелеген санаттағы отбасылардың балаларына атаулы әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында "Мейірімділік – балаларға" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Оқушылар арасында "Туған елге тағзым!" және "Ана тілім – тірегім!" атты республикалық челлендждер өткізіледі.", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу