Балаларды вакцинациялау мәселесі әлі шешілген жоқ

786

Алматы облысында халықтың 65%-ы екпе алды.  

Балаларды вакцинациялау мәселесі әлі шешілген жоқ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов вакцинация тақырыбына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Балаларды вакцинациялау мәселесі әлі шешілген жоқ. Біз ата-аналардан баласы туралы ешқандай дерек жинап жатқан жоқпыз. Қызылорда облысында балалар туралы мәлімет жинап жатыр, деген ақпарат тарады. Бұл фейк жаңалық болды деп ойлаймын, себебі бұл мәлімет расталған жоқ. Ондай шаралар бүкіл елді қамтуы керек. Қазіргі кезде өңірде балаларды вакциналау мәселесі туындап тұрған жоқ", – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар спикер аймақта екпе алуы керек халықтың 65%-ы вакцина салдырғанын атап өтті.

"Өңірде 244 екпе пункті ашылып, 71 мобильдік топ тұрғындардың үйіне барып екпе салып жатыр. Бірінші компоненттің 773 мың дозасы алынып, 713 мың дозасы егілді. Екінші компоненттің 716 мың дозасы алынып, 593 мыңы егілді. Бүгінде жоспардағы екпе алу керек адамның 65%-ы қалаулары бойынша препараттар салғызды. Балқаш және Ақсу аудандарында екпе науқаны аяқталды. Бізде үш аудан кестеден қалып келеді. Онда да жұмыс жалғасады", – деді спикер.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу