2026 жылғы 1 қаңтардан 22 қыркүйекке дейінгі кезеңде Интернетте деструктивті материалдардың, оның ішінде тікелей эфир барысында балағат сөздер мен балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттың 592 бұзушылық фактісі анықталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов депутаттық сауалға берген жауабында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрлік заңнама талаптарын бұзатын контентті анықтау және жою мәселелері бойынша онлайн-платформалармен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды.
"Осы жұмыс шеңберінде кәмелетке толмағандарға қолжетімді контентке, оның ішінде бейәдеп сөздер, қорлау, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіту, арандатушылық және өзге де деструктивті мінез-құлық қамтылған тікелей эфирлерге ерекше назар аударылады. 2026 жылғы 1 қаңтардан 22 қыркүйекке дейінгі кезеңде, Министрлік тарапынан Интернет кеңістігіндегі деструктивті материалдардың, оның ішінде тікелей эфир барысында балағат сөздер мен балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыру бойынша 592 бұзушылық фактісі анықталды", – делінген жауапта.
Анықталған деректердің 71-і балағат сөздер айтуға (треш-контент), 521 дерек баланың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыруға қатысты.
Барлық құқық бұзушылықтар бойынша интернет-ресурстар мен онлайн-платформалар әкімшіліктеріне 159 хабарлама хаттарын және ұйғарым хаттарын жолданды.