Балалардың мүддесін қорғау жұмысына бүкіл қоғам жұмылуы тиіс

510

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев балал құқықтарын қорғау жөніндегі арнайы өкілмен кездесіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқықтарын қорғау жайында өзекті мәселелерді талқылады, деп жазады inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Балалардың мүддесін қорғау жұмысына бүкіл қоғам жұмылуы тиіс

Кездесуде буллингпен күрес, білім беру мекемелерін бейнебақылау камералары және дабыл белгілерімен қамту, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың техникалық және кәсіптік білім алуына жағдай жасау, ПМПК ашу, тәрбие жұмысында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға басымдық беру және тағы басқа ұсыныстар көтерілді. 

Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігіне жауапты өзге де ведомстволармен ынтымақтастық орнатып, тығыз байланыста болу үшін ортақ алаң құру бастамасы көтерілді. Оқу-ағарту министрі балалардың мүддесін қорғау жұмысына қоғам болып жұмылып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

"Елімізде 6,5 млн-нан астам бала бар. Сол себепті бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен әріптестік орнатып, тығыз жұмыс істеу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру біз үшін өте маңызды. Осы үлгіде облыстық, аудандық, ауылдық деңгейлерде де ынтымақтастық орнатылуы керек. Жергілікті жердегі басшылар сіздердің жұмыстарыңыздың маңызын жіті түсініп, қолдау көрсетулері керек", - деді Ғани Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу