Балалардың өмірі үшін ең жайлы елдер анықталды

242

ЮНИСЕФ ұйымы табыс деңгейі жоғары елдердің балаларына қатысты жүргізілген зерттеудің қорытындысын жариялады.  

Балалардың өмірі үшін ең жайлы елдер анықталды Фото: unicef.org

Физикалық және психикалық денсаулығы мен мүмкіндігі дамыған жасөспірімдер Нидерланды Королдігінде өмір сүреді, деп жазады inbusiness.kz сайты халықаралық ұйымның зерттеуіне сілтеме жасап. 

Дания мен Францияның балалары үздік үштіктің қатарында. Ал, көш соңында Мексика мен Чили тұр.

Мамандар соңғы 25 жылда рейтингке кірген 36 мемлекетте балалардың жағдайы кәдімгідей жақсарып қалғанын айтады. Өлім-жітім азайып, білім деңгейі артқан.

"Бірақ, коронавируспен ауыру, климаттың өзгеруі және гаджеттер кесірінен бәрі өзгеріп жатыр", - дейді ЮНИСЕФ өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу