Балалардың отпен ойнауы өртке себеп болды

341

2019 және 2014 жылы туған екі бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді.  

Балалардың отпен ойнауы өртке себеп болды Фото: ҚР ТЖМ

2024 жылғы 12 ақпанда сағат 18:24-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қонаев қаласында 4 қабатты көппәтерлі үйде пәтердің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді. Өрт орнына келгеннен кейін кір жуғыш машина мен ас үйдің қабырғасындағы түсқағаздың, сондай-ақ жатын бөлмедегі кереуеттің жалпы ауданы 3 шаршы метр аумақта жанғаны анықталды.
Алдын ала ақпарат бойынша, балалардың отпен ойнауы өртке себеп болған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 18:35-те сөндірілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін жедел жәрдем қызметкерлері 2019 және 2014 жылы туған екі баланы Қонаев қаласының ауруханасына жеткізді. Сондай-ақ, 19 адам, оның ішінде 8 бала өз бетінше эвакуацияланды.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, жедел медициналық жәрдем қызметінің 6 қызметкері және 2 бірлік техникасы, Полиция департментінің 7 қызметкері және 2 бірлік техникасы шықты.

"Алматы облысының ТЖД тұрмыстық өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауларыңызды сұрайды. Өртті абайсыз пайдалану өртке әкелуі мүмкін", делінген хабарламада

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу