Балалардың улануы: жұмыстан шеттетілген қарағандылық орталықтың 10 қызметкері жұмысына оралды

369

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Балалардың улануы: жұмыстан шеттетілген қарағандылық орталықтың 10 қызметкері жұмысына оралды Фото: Ашық дереккөзден

Қарағандыда балалар жаппай уланған арнаулы әлеуметтік орталықтың 10 қызметкері жұмысына оралды. Осыған дейін олар қызметтерінен шеттетілген болатын,деп жазады inbusiness.kz.

"Аталған дерек бойынша облыста комиссия құрылып, оны облыс әкімінің әлеуметтік мәселелерге басшылық ететін орынбасары басқарады. Бұл медициналық-әлеуметтік мекеменің тәрбиеленушілері арасында өлім жағдайы тіркелді. Комиссия медицина қызметкерлерін өз міндеттерін орындаудан белгілі бір уақытқа шеттету туралы шешім қабылдады”, - деді Айжан Есмағамбетова.

Оның сөзінше, комиссияның шешімімен 10 медицина қызметкері өз жұмысына оралды. Ал бөлімше меңгерушісі мен психиатр дәрігері әзірге қызметінен шеттетілген.

Еске салайық, осыған дейін Қарағанды облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығының бірнеше қызметкері жұмыстан шеттетілгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу