Республикалық физика-математика мектебі Алматы филиалының директоры болып "Математика" мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Күнғожин тағайындалды. Ол бұған дейін РФММ-да білім алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алмаз Күнғожин 2018-2023 жылдары мектепті басқарған. Әр жылдары РФММ-да мұғалім, математика пәнінен олимпиадаға дайындау бойынша жаттықтырушы, Директордың бейіндік-эксперименттік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап "РФМШ" КеАҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, РФММ оқушыларының жаппай сырқаттануы қазан айында орын алған еді. 12 қазанда инфекциялық ауруханаға барлығы 58 бала түсті.
Бұған дейін ауырған оқушылардың білім беру мекемесінің интернатында тұрғаны хабарланған болатын. Медицина мамандары қарым-қатынаста болған адамдарды бақылауды ұйымдастырып, эпидемияға қарсы шаралар жүргізді.