Десе де, бұл Қазақстандағы әйелдерге тағайындалмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот шешімімен павлодарлық әйел мамандандырылған типтегі психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілмек.
Осылайша, осы жылдың 30 шілдесі күні балаларын терезеден лақтырып, артынан өз де секірген анаға қатысты қылмыстық іс Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде қаралды.
Қылмыстық іс екі бап бойынша қаралған. Олар – ҚР Қылмыстық кодексінің ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі – "Жас баланы өлтіру" және 24-баптың 3-бөлігі, 99-баптың 3-бөлігі – "Жас баланы өлтіруге әрекет жасау".
Бірінші бап адамды өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздесе де, ол Қазақстандағы әйелдерге тағайындалмайды. Сот әйелді қылмыстық жауапкершіліктен толықтай босатып отыр. Мұны Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жанна Нығыбаева жария етті.
– ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігінде, 24-бабы 3-бөлігінде көзделген, қоғамдық қауіпті қылмысты жасау кезінде ақыл-есі дұрыс болмауына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын. Айыпталушыға қарқынды бақыланатын мамандандырылған типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалсын, – деді сот үкімін оқыған ол.
Айта кетейік, Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткен әйел туралы тың ақпарат шыққан еді.