"Балаңнан айырылуды түсінемін": Бишімбаев бір кездері қызынан айырылып қалғанын айтып қалды

281

Сотта Қуандық Бишімбаев қайта сөз алып, қайғылы жағдайға кінәлі екенін мойындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Балаңнан айырылуды түсінемін": Бишімбаев бір кездері қызынан айырылып қалғанын айтып қалды Фото: Жоғарғы сот

​"Ұсталғаннан кейін бірден болған оқиғаға кінәлі екенімді айтқанымды көрдіңіздер. Алайда екі күннен кейін әйелін өлтіру ниеті болған деген айып тағылады деп ойламадым. Мені ауыртпалықты сезініп отырған жоқ, жүрексіз адам деп атады. Салтанатты жамандағаным үшін мені сөкті. Бірақ мен өзім білетін шындықты айттым", – дейді ол. 

Бишімбаев тергеу кезінде болған оқиғаны түсініп үлгермегенін айтады.

"Мен әрекетім үшін күн сайын өкінемін. Алла Тағаладан кешірім сұраймын. Мен осында өзімді қорғауым керек, мұны жеңуім керек екенін білемін. Мұны маған берілген жаза ретінде қарастырамын. Шынымен істеген ісім үшін кез келген жазаны көтеруге дайынмын. Салтанатты қасақана өлтірген жоқпын, бірақ оның өліміне мен кінәлімін. Салтанаттың ағасы мен ата-анасынан кешірім сұраймын", деді ол.

Сөз арасында 23 жасында екі жасар қызынан айырылғанын айтып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу