Баланы автобустан түсуге мәжбүрлегендер енді жазаланады

405

Ал бала денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген не ұрып-соққан азаматтар қылмыстық жазаға тартылады. 

Баланы автобустан түсуге мәжбүрлегендер енді жазаланады Фото: КазТАГ

Бүгін мәжіліс отырысында "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Заң жобасы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін жетілдіруге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың профилактикасына және жолын кесуге бағытталған.

Атап айтқанда, заң жобасында кәмелетке толмаған адамды жәбірлегені (буллинг, киббербулинг), сондай-ақ ата-анасы немесе заңды өкілдері бірге еріп жүрмеген он алты жасқа толмаған адамдарды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп жібергені үшін әкімшілік жауаптылық енгізу көзделеді.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруге және ұрып-соғуға бағытталған іс-әрекеттерді криминализацияға ұсынылуына байланысты депутаттар мұндай құқық бұзушылардың құрамын қылмыстық заңнама саласына ауыстыра отырып, оларды әкімшілік заңнамадан алып тастауға арналған нормаларды енгізді.

Заң жобасымен жұмыс істеу барысында денсаулыққа жеңіл зиян келтірумен және ұрып-соғумен байланысты құқық бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне ауыстыруға байланысты осындай іс-әрекеттермен байланысты барлық нормалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен алынып тасталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу