Баланы көшеде құлатып кеткен әйел анықталды

810

Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Баланы көшеде құлатып кеткен әйел анықталды

Көшеде кетіп бара жатқан 10 жастағы қызды итеріп құлатқан адамның ісін полицейлер тексеріп жатыр, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Естеріңізде болса, кеше әлеуметтік желіде өз бетімен кетіп бара жатқан баланы итеріп құлатқан адамның видеосы жарияланып, талқыға түскен болатын. Оқиға Зырян орталық мәдениет үйінің бейнекамерасына түсіп қалған екен.

Аталған жәйт тәртіп сақшыларының назарына ілікті.

"Баланы итерген әйел қазіргі уақытта полиция бөлімінде. Ол 1987 жылы туған жергілікті тұрғын екен. Үстінен Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу