Баланың көшеде жүргені үшін балабақша тәрбиешісі жазаланды

2117

Баланың көшеде жүргені үшін балабақша тәрбиешісі жазаланды

Елордадағы бөбекжайлардың бірінде қараусыз қалып, сырт киімсіз көшеге шығып кеткен балаға жауапты тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Бұл туралы мектепке дейінгі жекеменшік мекеменің меңгерушісі мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Еске сала кетейік, осыдан бірер күн бұрын елорда тұрғыны Сарыарқа көшесінің бойынан үстінде тек жұқа күртешесі мен шұлығы бар жылап тұрған баланы байқаған. Суыққа әбден тоңған бөбекті өзінің сырт киіміне орап, сол маңайдағы балабақшаға апарады. Кейін белгілі болғандай, жекеменшік мекеме тәрбиешісі 1 жастан асқан бүлдіршіннің сыртқа шығып кеткенін аңғармай қалған.

"Тәрбиешіні жұмыстан шығарып жібердім. Бала түскі ұйқы мезгілінде ұйықтамаған соң тәрбиешінің қасында болған. Тәрбиеші екінші топқа бұл баланы көтеріп апарған. Кейін бала бір ата-ананың артынан бірге шығып кеткен. Тәрбиеші байқамай қалған. Ата-анасымен сөйлестік, баланың тамағы қызарғанын айтып отыр", - дейді балабақша меңгерушісі Гүлназ Жүнісова. .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу