Балқаш көлінде 2 адам отырған көлік таяз суға батып, шыға алмай қалған

389

Көлік салонында екі адам болған.

Балқаш көлінде 2 адам отырған көлік таяз суға батып, шыға алмай қалған Фото: Бейнежазбадан

Балқаш көлінің таяз жерінде тұрып қалған автокөлік сүйреп шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облысының Балқаш қаласында, Балқаш көлініде автокөлік таяз суға батып, өздігінен жағаға шыға алмай қалған.

Оқиға орнына келген ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы техниканың көмегімен автокөлікті жағаға сүйреп шығарды.

Көлік салонында екі адам болған. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу