Балқаш көлінде үрлемелі шеңбердегі 8 жасар баланы қатты жел ұшырып әкетті

129

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Балқаш көлінде үрлемелі шеңбердегі 8 жасар баланы қатты жел ұшырып әкетті Фото: kazlenta.kz

Қарағанды облысының Балқаш көлінде үрлемелі шеңбердегі 8 жасар баланы қатты жел жағадан алысқа ұшырып әкетті. 

Екі туысы балаға өздігінен жетуге тырысқаны, бірақ қатты жел мен тулаған толқындардың салдарынан бұл қауіпті болғаны айтылады.

"Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында бала мен екі ер адам аман-есен жағалауға жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.

ТЖМ кезекті рет мыналарды еске салады:

  • Балаларды судың қасында қараусыз қалдырмаңыз;
  • Қайықпен, катамарандармен және SUP-бордтармен сырғанағанда құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз;
  • Ауа райы жағдайы мен желдің бағыт-бағдарын қадағалаңыз.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу