Балқаш көлінен 53 келі көксеркені заңсыз аулағандар ұсталды

121

Алдын ала есеп бойынша, заңсыз балық аулаудан көлдің экожүйесіне 450 мың теңгеден астам залал келген.  

Балқаш көлінен 53 келі көксеркені заңсыз аулағандар ұсталды Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

26 тамыздан бері полицейлер су айдындарында заңсыз балық аулау фактілерінің жолын кесуге бағытталған рейдтік жұмыстар жүргізуде. Іс-шараның алғашқы нәтижесі Балқаш көлінің акваториясында тіркелді.

Бірлескен рейд барысында Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы мен Балқаш желілік полиция бөлімінің қызметкерлері моторлы қайықты тоқтатты. Қайық ішінде 42 және 44 жастағы екі жергілікті тұрғын болған.

Тексеру кезінде полицейлер ұзындығы 300 метр тыйым салынған синтетикалық балық аулау торларын және заңсыз ауланған 53 келіден астам көксеркені анықтап, тәркіледі.

Аталған факті бойынша ұсталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қайық, браконьерлік құралдар мен ауланған балықтар қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме ретінде тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу