Балқаш маңындағы жол апатынан 7 адам тірідей өртеніп кетті

187

Қарағанды облысында болған жол апатынан 7 адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Балқаш маңындағы жол апатынан 7 адам тірідей өртеніп кетті Фото: Бейнежазбадан

5 шілде күні Kia Sedona көлігінің жүргізушісі Балқаш қаласына қарай бет алып бара жатып, Ақшатау ауылына жетпей, алдыңғы көліктерді басып озу кезінде жол белгілерін елемей, жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеге, кейін криволинейлі тосқауылға соғылған.

Қатты соққыдан кейін көлік өртеніп кеткен.

"Алдын ала деректер бойынша, 7 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Азамат Ахметов.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу