Балқашта 30 көпбалалы отбасы пәтер алды

963

Тәуелсіздік күні қарсаңында Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков 30 көпбалалы отбасына пәтер кілтін табыс етті. 

Балқашта 30 көпбалалы отбасы пәтер алды

Жыл соңына дейін кезекте тұрған 90 адам тұрғын үй алуға тиіс. 45 пәтерлі екі үй пайдалануға беруге дайын, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

- Жыл соңында көпбалалы аналарға пәтер кілтін тапсыру игі дәстүрге айналды. Сіздің үйлеріңіз әрқашан ашық және жайлы болсын! –деп Балқаш қаласының басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтады.

Сейфуллин көшесіндегі бес қабатты үй ұзақ уақыт бойы қараусыз қалған. Осы жылдың жазында жергілікті инвестор пәтерлердің орналасуын көпбалалы отбасыларға бейімдей отырып, ғимаратты қалпына келтіруге кірісті. Бұл Балқаштағы бір бөлмелі пәтерлері жоқ жалғыз үй, мұнда тек екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлер бар. Құрылысшылар 5 ай ішінде ғимаратты қалпына келтірді. Сонымен қатар коммуникациялар жүргізілді.

Үйдің қасбеті отбасы тақырыбындағы муралмен безендірілген. Аула абаттандырылды: корт жөнделді, орындықтар қойылды, тас төселді және жол асфальтталды.

Сондай-ақ, үйдің жанында алаң бар. Жақында оны да абаттандыру жұмыстары аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу