Балқашта қоқыстарын үйіп тастаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды

600

Кәсіпкерлер тамақ қалдықтары мен жарамсыз дөңгелектерді далаға үйіп тастаған.

Балқашта қоқыстарын үйіп тастаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды Фото: instagram.com/balqash_qalasy_akimdigi

Балқаш станциясының тұрғыны елді мекеннің рұқсат етілмеген қоқысқа толып кеткенін айтып шағымданған. Тұрғынның  өтініші бойынша, Экология департаменті мен "Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі", "Балқаш қаласының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі және  мердігер "DDjol" ЖШС Балқаш кентінің аумағына тексеріс жасады.

Оқиға орнында қоғамдық тамақтандыру қалдықтары мен жарамсыз дөңгелектерді белгіленбеген жерде үйіліп жатқаны анықталды.

Экология Департаментінің хабарлауынша жол бойындағы дәмхана мен көлік дөңгелегі дүкендерінің иелеріне ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігімен әкімшілік айыппұл салынған. Сондай - ақ қоқысты белгіленген мерзімге дейін жинап, қоқыс алаңына апаруға тапсырма берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу