Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті

245

Ғимарат қоршауға алынды.

Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті Фото: Балқаш қаласының әкімдігі

Балқаш қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі кіреберістің бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"19 ақпанда сағат шамамен 08:10-да Қараменде би көшесі, 10 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің бұрын апатты деп танылып, бұзуға жатқызылған, қазіргі уақытта пайдаланылмайтын (тұрғын емес) кіреберісінің бір бөлігі құлады. Аталған кіреберісте ешкім тұрмаған. Зардап шеккендер жоқ. 2025 жылы көрсетілген кіреберіс ҚР заңнамасына сәйкес жүргізілген техникалық қорытынды мен құрылыс сараптамасының негізінде апатты деп танылған. Бесінші кіреберістің тұрғындары алдын ала қоныс аударылып, пәтерлері тұруға жарамсыз деп танылғандықтан, заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде есепке қойылғаннын хабарлаймыз", – деп хабарлады Балқаш қаласының әкімдігі. 

Ғимарат қоршауға алынып, кіруге шектеу қойылды. Инженерлік коммуникациялар (электр, жылу, су жүйелері) белгіленген тәртіппен ажыратылды.

Қазіргі уақытта құрылыс және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, бесінші кіреберісті демонтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Демонтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін қалған төртінші кіреберісте қосымша техникалық тексеру және құрылыс сараптамасы жүргізіледі.

Әкімдіктің мәліметінше, алдағы уақытта қалған кіреберістер конструкцияларын күшейту бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттама белгіленген тәртіппен әзірленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу