Балқаштағы туризмнен жергілікті қазынаға 330 миллион теңге түскен

922

Балқаштағы туризмнен жергілікті қазынаға 330 миллион теңге түскен

Әлемде мұнайдан кейінгі ең үлкен табыс көзі – туризм. Оның жемісін жеп отырған ел көп. Бүгін Балқашта өткен туристік форумда елімізде осы сала қалай дамып жатқаны сөз болды. Жиынға туроператорлар, кәсіпкерлер мен жергілікті билік өкілдері қатысты, деп хабарлайды khabar.kz.

Қарағанды облысында 12 табиғи қорық, 2 ұлттық парк пен 2700-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Инфрақұрылымды жетілдіріп, қызмет көрсету сапасын арттыру керек. Былтыр Балқашқа 33 мың турист келіп, жергілікті қазынаға 330 миллион теңге түсіпті. Ал биыл ЕХРО көрмесі өтуіне орай жиһанкездер саны 20-30%-ға артады. Сондықтан Балқашта 15 жоба қолға алынған.

Форумда кәсіпкерлер мен туркомпаниялар бірнеше келісімге қол қойды.

"Қазір бізде 4 демалыс орны үздіксіз жұмыс жасап тұр. Олар Балқаш қаласына қарайды. Биыл, келер жылы тағы 4 демалыс орнын ашуды көздеп отырмыз. Бізде тілек білдірушілер, туристік жобаны әрі қарай апаруға ниетті кәсіпкер көп, біз оларды қолдап отырмыз." - дейді қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Байзақ Әлмағанбетов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу