Балқаштан 250 келі балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды

108

Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаменті хабарлады.  

Балқаштан 250 келі балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды Фото: polisia.kz

Қарағанды облысының полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында браконьерлерді ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Балқаш қалалық желілік полиция бөлімі мен Балқаш-Алакөл аймақаралық бассейндік инспекциясымен бірлесіп, Балқаш моторлы қайықты тоқтатты.

Қайық ішінде 35 жастағы Жетісу облысының тұрғыны мен 37 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны болған.

"Тексеру сегіз жәшік табылып, тәркіленді. Жәшіктерден көксерке, ақтабан, табан, жая, жайын және сазан секілді балық түрлері анықталды. Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы 252,3 келіні құрады. Сонымен қатар ұзындығы 2500 метр болатын Қытайда өндірілген тыйым салынған ау табылып, тәркіленді. Табиғатқа келтірілген залал сомасы 1,2 млн  теңгеден асқан", – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша су биологиялық ресурстарын заңсыз аулау бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу