Жойқын дауыл салдарынан екі адам қаза тауып, 100 мыңнан аса үй жарықсыз қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
DW мәліметінше, 2 адам қаза тапқан. Олардың бірі – литвалық, оның үстіне ағаш құлаған. Екіншісі Латвияның Елгава қаласында ғимарат қирандыларының астында қалып опат болған.
Көптеген тұрғын құлаған ағаштардан зардап шеккен. Латвияда 14 адам медициналық көмекке жүгінді.
Дауыл электрмен жабдықтау жүйесінде іркілістер тудырды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Латвияда 250 мыңнан астам, Литвада 150 мыңнан астам, ал Эстонияда 3,5 мыңға жуық үй шаруашылығы жарықсыз қалды.
Нөсер бірнеше аймақта су тасқынына себеп болып, жол қозғалысының, теміржол қатынасының, сондай-ақ теңіз тасымалының іркілуіне әкеп соққан.