Теңіздегі өркешті киттің байқалуы – соңғы уақыттағы екінші жағдай, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Калининградтық балықшылар әуелі субұрқақтың шашырағанын, содан соң ұзындығы – 16 метр, салмағы 40 тонна болатын үлкен сүтқоректінің арқа қанатын және денесінің бір бөлігін байқаған. Осыған дейін, яғни 2023 жылдың наурыз айында Зеленоградск маңында да өркешті кит көрінген-ді.
Ғалымдардың сөзінше, аталған теңіз алыптарының Балтықта пайда болуы кездейсоқ жайт. Негізінен, киттер паразиттерден құтылу үшін Балтық теңізінің тұзы аз суын пайдаланады деп есептеледі, десе де жеткілікті азық-түліктің болмауынан мұнда ұзақ өмір сүру мүмкін емес.
Океанология институтының теңіз сүтқоректілері зертханасының аға ғылыми қызметкері Антон Чернецкий алып киттің тағдырына алаңдаушылық танытуда. Оның айтуынша, Атлант мұхитының мол азық-түлік ресурстары болмаса, жануардың тірі қалуы екіталай.
Мамандарды киттің Балтық теңізіне қалай келгені ойландырады. Бірақ, бұл жағдай климаттың әрқилылығы мен теңіз экожүйелеріндегі өзгерістердің әсерін айқындауы мүмкін. Мұндай сирек кездесетін жайттар теңіз жануарларын қорғау және олардың тіршілік ортасын сақтау қажеттігін еске салады.