Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына шамамен 178 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр

796

"Атамекен" ҰКП алаңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті кәсіпкерлерге балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын таныстырды. 

 Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына шамамен 178 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр

Бұл туралы inbusiness.kz "Атамекен" ҰКП сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарлама балық өсіру өнеркәсібінің негізгі бағыттарын: балық аулау, балық аулау және балық өсіру, балық өсіру және қайта өңдеуді дамытуді көздейді. Негізгі мақсат – халықты балық өнімдерімен қамтамасыз ету көрсеткіштерін арттыру және балық өсіруді дамытуға жағдай жасау.  

Бағдарламаны іске асыруға 2030 жылға дейін бюджеттен 177,4 млрд теңге қарастырылған, соның ішінде 136 млрд теңге тікелей субсидияларға (балық өсіру-биологиялық негіздеме, балық тұқымын егу материалын сатып алу және бағалы балық түрлері бойынша жөндеу-аналық табындарды ұстау және  дәрілік препараттарды сақтау), 41,4 млрд теңге – инвестициялық жобаларды іске асыруды субсидиялауға бағытталмақ.

 Балық ресурстарын молайту және акваөсіру басқармасының басшысы Мирас Ғаббасов мемлекеттік орган заңнаманы жетілдіру жұмысы шеңберінде балық шаруашылығын жүргізу үшін балық аулауға арналаған су қоймаларын балық шаруашылығын жүргізуге ауыстыру бойынша қағидаларды бекіткенін атап өтті.

 "Мұндай шара балық аулуға бағдарланған шаруашылықтарға балық өсіруге ауысуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, балық шаруашылығын жүргізу үшін келесімшартты жасау мерзімі 49 жылға өзгертілді, осылайша бизнеске ұзақ мерзімді жоспарларды іске асыруға мүмкіндік жасалады", – дейді Мирас Ғаббасов.

 Осыған дейін келісімшарттар мерзімі 5 жылдан 49 жылға дейін аралықта болған.

Сонымен қатар таныстырылым шеңберінде спикер кәсіпкерлердің шығындарын өтеу мәселесіне тоқталды.

 Жаңа бағдарлама бойынша балық өсіруге арналған машиналар мен жабдықтар сатып алуға жұмсалған инвестициялық шығындардың 25%-ын және балық (сазан, бекіре, ақсерке) азығы құнының 30%-ын өтеуді жоспарлап отыр.

Өз кезегінде, кәсіпкерлер әзірленіп жатқан мемлекеттік қолдау шаралары, су объектілеріне қол жетімділігі және белгіленген мақсаттағы өзгерістер, жеңілдетілген несиелендірудің өзектілігін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу