Балықшылар мінген көлік мұз астына түсіп кетті

124

Павлодар облысында балық аулауға шыққан 3 ер адам ажалдан аман қалды.  

Балықшылар мінген көлік мұз астына түсіп кетті Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Екібастұз ауданында жеңіл көлік мұз астына түсіп кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға сейсенбі күні Екібастұз ауданына қарасты Шықылдақ ауылының маңында болған. Балық аулауға шыққандар мұздың жұқалығына қарамастан, көлікпен су айдынына шыққан.

Мұз көліктің салмағын көтере алмай, темір тұлпар бірден су астына кетті. Көлік ішіндегі үш адам дер кезінде сыртқа шығып үлгерген.

Оқиға орнына жеткен ТЖД мамандары балықшыларды эвакуациялап, Шідерті кентіне жеткізді. Зардап шеккендер жоқ. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады.

Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін көлік иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу