Bank RBK сауықтыру бағдарламасына қатысады

758

Bank RBK сауықтыру бағдарламасына қатысады

Bank RBK сауықтыру бағдарламасына қатысады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов айтты, деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан.

"Бұл банк қаржылай көмек алу үшін сауықтыру бағдарламасына қатысуға өтініш жолдады. Сауықтыру бағдарламасы деген барлық банкке ақша тарату деген сөз емес. Сондықтан олар (Bank RBK) өздерінің қалай жұмыс істейтіні туралы бизнес-моделін ұсынуы керек. РБК-ға қатысты шешімді Ұлттық банктің төрағасы ғана емес, барлық басқармалар да қарайды",- деді Ахметов баспасөз конференциясында.

Еске сала кетсек, экономиканы несиелеуді қалпына келтіру мақсатында Ұлттық банк қаржылай көмек беру бағдарламасын бастаған еді. Бұған дейін төрт банктің өтінімі қанағаттандырылып, 410 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу