banner

Банк секторының активтері 1,2 трлн теңгеге өсті

Бұған әсер еткен негізгі факторлар қандай? 

Банк секторының активтері 1,2 трлн теңгеге өсті

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 22 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 13-і шетел қатысатын банк, оның 10-ы еншілес банк.

"Банк секторының активтері биылғы тамызда 2,9%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге ұлғайып, 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 41,5 трлн теңгені құрады. Ал жыл басынан бері өсім – 10,3% немесе 3,9 трлн теңге", – деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Активтердің өсуі бірнеше факторға байланысты. Оның алғашқысы өтімді активтердің артуы.

"Өтімді активтердің 5,7%-ға немесе 1 008 млрд теңгеге және несие портфелінің 1,1%-ға немесе 246 млрд теңгеге ұлғаюы нәтижесінде осындай динамика байқалады", – деп хабарлады агенттік.

Өтімділігі жоғары активтер 12,6 трлн теңгені немесе активтердің 30,4%-ын құрады. Бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Экономикадағы несиелер 2022 жылғы тамызда 1,6%-ға өсіп, 20,7 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіштің артуы 2022 жылдың басынан бері 11,8%-ды немесе 2,2 трлн теңгені құрады.

Ұлттық валютадағы несиелер 2022 жылғы тамызда 1,9%-ға, 19,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы қарыздар 2,5%- ға, 1,7 трлн теңгеге дейін төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу