Банкрот деп танылған компаниялар саны артты

979

Соңғы үш айда ғана 20 процентке жеткен.  

Банкрот деп танылған компаниялар саны артты

Елімізде жұмысын тоқтатқан компаниялар саны күрт артты, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің мәліметінше, 2020 жылдың басынан мамыр айына дейін 277 борышкер банкрот деп танылған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 40,5 пайызға аз. Алайда осы жылдың қаңтар-ақпан айларында жабылып қалған кәсіп иелерінің саны 231-ге жетіп, 20 пайызға артыпты. 

Жалпы бірінші маусымдағы жағдай бойынша жабылудың алдында тұрған 3,2 мың компания тіркелген. Оның 1 мыңы көтерме-бөлшек сауда саласында болса, 819-ы – құрылыс, 332-і – өңдеуші өнеркәсіпте. Пандемия әсіресе шағын бизнеске кері әсерін тигізген. Бұл салада 2,3 мың кәсіпкер қиын жағдайда.  246- орта және 295 – ірі бизнес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу