Банкроттық туралы заң жобасы қайта қаралады

1488

Заң жобасына "Жалған банкроттық" атты баптың орнына "Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы кредиторларға мүліктік залал келтіру" атты жаңа бап енгізу туралы мәселе көтерілді.

Банкроттық туралы заң жобасы қайта қаралады

Банкроттық туралы заң жобасы "Атамекен" ҰКП және бизнес-қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, екінші оқылымда толықтырылатын болады, деп хабарлайды atameken.kz.

Мәжіліс отырысында заң жобасына "Жалған банкроттық" атты баптың орнына "Алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы кредиторларға мүліктік залал келтіру" атты жаңа бап енгізу туралы мәселе көтерілді. Заң жобасын әзірлеушілер (ҚР қаржы министрлігі)  әдейі банкроттық және төлеуге қабілетсіздікке дейін жеткізуге қатысты баптарды қаржылық ұйымдарына қолдану үшін ғана қалдыруды ұсынады. 

Нұрлан Нығматуллиннің пікірінше, бұл түзетулер кәсіпкерлікті жүргізу негіздеріне нұқсан келтіреді. Қолданыстағы заңға сәйкес ЖШС және АҚ қатысушылары кредиторлар алдында жарғылық капиталға салған жарналары шегінде ғана жауапты. Дәл осы норма бизнес дамуына бос қаражатты инвестициялауға мүмкіндік беріп отыр.

"Ұсынылып отырған норма енгізілсе, онда адамдар бизнеспен айналасуға қорқатын болады. Өйткені олар жарғылық капиталға салған қаражаттарын ғана емес, бүкіл мүлігін жоғалта алатын тәуекелдің барын біледі... Бизнеске қолайлы жағдай жасаудың орнына, сіздер оған кедергі келтіріп, жабылуына барын салып отырсыздар", – деді Нұрлан Нығматуллин қаржы министрлігі өкілдеріне.

Мәселеге пікірін білдіре отырып, "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Алена Романова  заң жобасының жоғарыда аталған нормаларына қатысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы теріс сарапшылық қорытынды шығарғанын атап өтті.

 "Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл заң жобаның бизнес үшін тәуекелдері жоғары екенін жеткізді. Осы ретте кәсіпкерлерге мүмкін болатын теріс салдарға қатысты өзіміздің ресми позициямызды мемлекеттік органға екі мәрте: былтыр ведоствоаралық комиссия отырысында заң жобаның тұжырымын қарау барысында, сондай-ақ биыл ақпан айында мәжілісте өткен дөңгелек үстел барысында бағыттаған болатынбыз. Екінші оқылымда уәкілетті орган кәсіпкерлердің пікірін назарға алады деген ойдамын", – деп мәлімдеді Алена Романова.

 Мәжіліс төрағасы қолданыстағы редакцияны қалдыруды (құрылтайшының өз кәсіпорнының қарыздары бойынша материалдық жауапкершілігі егер сот кәсiпорынның саналы банкроттығын анықтаса және кредиторлардың құқықтарын бұзған жағдайда ғана орын алады) және аталған норманы "Атамекен" ҰКП пікірін ескере отырып, жетілдіруді ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу