Банкроттық жариялаудың салдары қандай?

530

Банкроттықтың үшінші тәсілі – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, яғни тұрақты табыс болған жағдайда сотта қарыздарды 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін көздейтін рәсім.  

Банкроттық жариялаудың салдары қандай? Фото: ortcom.kz

Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, бұл рәсімнің артықшылығы – одан кейін адам "банкрот" мәртебесін алмайды. Сонымен қатар спикер банкроттықтан кейін пайда болатын салдарға тоқталып өтті.

"Сот банкроттығын, және соттан тыс банкроттығын қолданатын азаматтар 5 жыл ішінде банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредиттер ала алмайды (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа); олар 7 жылдан кейін ғана қайта банкроттыққа жүгіне алады; олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай салдар болмайды", - деді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу