Банктер азаматтардың есепшоты туралы деректі кірістер комитетіне жіберіп отырады

77

Бұл өзгеріс жеке және заңды тұлғаларға қатысты. 

Банктер азаматтардың есепшоты туралы деректі кірістер комитетіне жіберіп отырады Фото: gov.kz

Қаржы министрлігі "Банктік ұйымдардың мемлекеттік кірістер органына банктік шоттарының бар-жоғы туралы және олардың нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну нысандарын бекіту туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа Салық кодексін жүзеге асыру мақсатында банктік шоттардың болуы және олардың нөмірлері туралы, жеке және заңды тұлғалардағы осы шоттардағы қалдықтар мен ақша қозғалысы туралы мәліметтер нысаны бекітіледі.

Қаржы министрлігі құжатты қабылдаудың мақсаты ретінде салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру және салықтық тәуекелдерді уақытылы анықтау деп көрсеткен. 

"Құжатты қабылдаудан күтілетін нәтиже: салықтық әкімшілендіру, салық салынатын табысты төмендететін тұлғаларды уақтылы анықтау, салық төлеуден жалтарған заңды және жеке тұлғаларды анықтау бойынша жүктелген міндеттерді тиімді орындау. Бұл бюджет кірісінің ұлғаюына және көлеңкелі экономиканың үлесінің төмендеуіне әкеледі", – делінген түсіндірмеде.

Құжатты жария талқылау "Ашық НҚА" порталында 29 қыркүйекке дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу