Банктерде борышкердің құқығы мен мүддесін қорғайтын бөлім ашылмақ

260

Алдағы уақытта екінші деңгейлі банктерде жеке тұлға (клиент) құқығын қорғайтын бөлім ашылуы мүмкін.  

Банктерде борышкердің құқығы мен мүддесін қорғайтын бөлім ашылмақ Фото: canva.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банк бөлімшелеріндегі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына талап енгізуді жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің "Ашық НҚА" порталында орналастырылған қаулы жобасында 2019 жылы қабылданған қағидаға негізгі үш түзету енгізілетіні жазылған:

  • жеке тұлғаның несие төлеу қабілетін бағалайтын кезде тәуекел деңгейі жоғары қарыз алушы ретінде жіктейтін нақты өлшемшарттарды белгілеу;
  • жеке тұлғалардың берешегін реттеу барысында қабылданатын шешімдер ішкі тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу;
  • жеке тұлға-клиенттерінің құқығы мен мүддесін қорғайтын бөлімше құру.

Құжаттың толық мәтіні "Ашық НҚА" порталына жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу