Банктердегі салымдар 21,7 трлн теңгеге жетті

896

Қазақстандағы екінші деңгейлі 26 банктің 20-сы депозиттік портфелін арттырған. 

Банктердегі салымдар 21,7 трлн теңгеге жетті

2021 жылдың қаңтарында қазақстандық банктердегі салымдар 21,7 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Салымдар бір айда 118,5 миллиард теңгеге, бір жылда 3,8 триллион теңгеге өскен.

Салымдардың жылдық өсуі бойынша абсолют көшбасшы, Қазақстандағы ең ірі банк – Halyk Bank, 7,4 трлн теңгеге өскен (плюс 1,02 трлн теңге).  Биыл қаңтарда банк депозиттерінің портфелі 8,6 млрд теңгеге артқан. Жылдық динамикада Halyk Bank бөлшек және корпоративтік секторда айтарлықтай өсім көрсеткен. Қаржы институтындағы халықтың депозиттері 3,6 трлн теңгеге дейін (плюс 503,3 млрд теңгеге), бизнес салымдары 3,8 трлн теңгеге (плюс 518,8 млрд теңгеге) дейін өскен. Банк портфелінде тепе-теңдік сақталған: халықтың жинақ ақшасы 48,8%, корпоративтік сектор 51,2%.

Екінші орында Kaspi Bank: мұндағы салымдар 2,2 трлн теңгеге артқан (плюс 622 млрд теңге). Халықтың банктегі салымдары 2 трлн теңгеге (плюс 490,5 млрд теңге) дейін өскен. Бұл қаржы институтының барлық депозитт портфелінің 89,7%-ы. Банктің бөлшек саудадағы үлесі басым: мұнда заңды тұлғалардың салымдары депозиттердің жалпы көлемінің тек 10,3%-ын алады.

Үздік үштікті ресейлік Сбербанк қорытындылайды: салымдар 2,2 трлн теңге дейін өскен (бір жылда плюс 554,6 млрд теңге). Банк портфелінің корпоративтік сектордағы үлесім басым: заңды тұлғалардың салымдары 58,7%, жеке тұлғалардың салымдары – 41,3%. Жалпы банк секторы бойынша жеке тұлғалардың салымдары 10,9 трлн теңгеге дейін (плюс 1,7 трлн теңге) өскен. Бұл салымдардың жалпы көлемінің 50,2%. Ал бизнес депозиттері 10,8 трлн теңгеге (плюс 2,1 трлн теңге) дейін артқан. Бұл еліміздегі екінші деңгейлі банктердегі жиынтық портфельдің 49,8%. 

Соңғы жылдары еліміздегі банктердегі салымдар бизнес пен халық арасында тең бөлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу