Банктердің экономикаға кредит беруі бір айда 2,7%-ға өсті

591

Жыл басынан бергі өсім – 12,7%. 

Банктердің экономикаға кредит беруі  бір айда 2,7%-ға өсті

Қазақстанда банктердің экономикаға кредит беру көлемі бір айда 2,7%-ға артып, 16 трлн 457 млрд теңге (2021 жылғы тамызда) болды, inbusiness.kz тілшісі Ұлттық банкке сілтеме жасап.
Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 1%-ға, 7,222 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғаларға 4,2%-ға, 9,235 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 3,2%-ға, 14,561 трлн теңгеге дейін өсті. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілетін кредиттер 1,6%-ға, жеке тұлғаларға 4,2%-ға артты. 

Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 0,7%-ға, 1,896 трлн теңгеге дейін азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға несиелер 0,6%-ға, жеке тұлғаларға 5,4%-ға төмендеді. 

2021 жылғы тамыздың соңында теңгемен берілетін кредиттердің үлес салмағы 88,5% (2020 жылғы желтоқсанда – 87%) болды.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 3,1%-ға, 14,168 трлн теңгеге дейін, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 0,4%-ға, 2,289 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

2021 жылғы тамызда шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2%-ға, 2,894 трлн теңгеге дейін (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 40,1%) өсті.

Корпоративтік секторды сала бойынша бөлуде банктердің экономикаға берген кредиттерінің айтарлықтай сомасы өнеркәсіп (корпоративтік сектордың жалпы көлеміндегі үлесі – 32,1%), сауда (21,1%), құрылыс (7,4%) және көлік (5,6%) сияқты салаларға берілді.

2021 жылғы тамызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,6% (2020 жылғы тамызда – 11,9%), жеке тұлғаларға 17,2% (17,1%) болды. 

2020 жылдың соңында банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 14,6 трлн теңге болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу