banner

Банктердің меншікті капиталы 4,9 трлн теңгеге жетті

579

Қыркүйек айында Қазақстандағы банктердің меншікті капиталы 07 пайыз артқан.

Банктердің меншікті капиталы 4,9 трлн теңгеге жетті Фото: polymedia.kz

 

Банк секторының активтері қыркүйекте 0,5%-ға немесе 0,2 трлн теңгеге ұлғайып, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 41,7 трлн  теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресми дерек бойынша, қыркүйекте банк секторындағы клиенттер салымы 4,1% артып, 29,4 трлн теңгеге дейін ұлғайған.

"Ұлттық валютадағы депозиттер 2022 жылғы қыркүйекте 4,6% немесе 18,8 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында депозиттер - 0,7% немесе 10,4 трлн теңгеге дейін өсті. Яғни, 2022 жылдың басында долларлану деңгейі 36% болса, 1 қазандағы жағдай бойынша 35,6%-ды құрады.

Базалық мөлшерлеменің артуы аясында қорландыру құны ұлғаяды. Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы қыркүйекте 12,4%, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 12,2% болып отыр",- деді агенттік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу