banner

Банктердің несиелік портфелі 76 млрд теңгеге қысқарды

666

Бұл бір ай ішіндегі көрсеткіш.  

Банктердің несиелік портфелі 76 млрд теңгеге қысқарды

Шілде айында ҚР-дағы екінші деңгейлі банктердің қарыз портфелі 14,99 трлн теңге болды. Ranking.kz басылымының дерегінше, бұл мамыр айындағы көрсеткіштен 75,7 млрд теңгеге кем. Бір айда 14 қаржы институты төмен көрсеткіштерге ие болды. Коронавирус дағдарысы кезінде тек 13 банк несиелеу көлемін арттырған.

Бұл көрсеткіш бойынша ЦентрКредит банкі алда: бір айдағы көлемі 1,2 трлн теңгеге дейін жетті. Одан кейінгі орындарда Тұрғын үй жинақ банкі (1,1 трлн теңге) мен Сбербанк (1,5 трлн теңге).

Жылдық динамикада ҚР екінші деңгейлі банктердің қарыз портфелі 1,3 трлн теңгеге өсті. Маусым айында банк несиесі 13,93 трлн теңге болды. Бұл мамыр айындағы көрсеткіштен 45,7 млрд теңгеге аз.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу