Банктердің салымдар портфелі бір жылда қалай өзгерді?

585

2023 жылдың 1 қаңтарына қарай отандық банктердегі салымдар портфелі 21,5%-ға, 31,6 трлн теңгеге дейін артты.  

Банктердің салымдар портфелі бір жылда қалай өзгерді? Фото: ranking.kz

Заңды тұлғалардың салымдары 14,7 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың салымдары 16,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап.

ЕДБ арасында салымдардың жылдық өсім көрсеткіші бойынша Bank RBK көш бастады: +78,2%, 1,35 трлн теңгеге дейін. Қаржы институты корпоративтік және бөлшек сегментте де айтарлықтай өсім көрсетті.

Екінші орынға Еуразиялық Банк орналасты: +68,8%, 1,88 трлн теңгеге дейін. Заңды тұлғалар сегментінде банктегі салымдар бір жылда 61,8%-ға, жеке тұлғаларда 78,1%-ға артты.

Үштік қатарында Kaspi Bank бар: +47,9%, 4,18 трлн теңгеге дейін. Қаржы институтындағы бизнестің салымдары бір жылда 91,7%-ға, халық салымдары 43,6%-ға ұлғайды.

Ресурстың жазуынша, секторда қаржы ұйымдарының үздік ондығында тек бір банк қана теріс динамиканы көрсетті: Bereke Bank.  Мұнда салымдар көлемі бір жылда бірден 59,5%-ға дейін қысқарды.

Жалпы алғанда сектор бойынша 21 екінші деңгейлі банктер арасында 15-і оң көрсеткішке, ал алтауы теріс көрсеткішке ие болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу