Банктердің салымдары бір жылда 21%-ға өскен

887

Негізгі өсім халықтың депозиттері көлемінің айтарлықтай ұлғаюымен байланысты. 

Банктердің салымдары бір жылда 21%-ға өскен

2021 жылы Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде салымдар айтарлықтай өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Өткен жылы жиынтық депозиттік портфель 20,7%-ға өсіп, 26 трлн теңге болды. Мұнда корпоративтік салымдар бір жылда 18,5% немесе 12,6 трлн теңге, бөлшек сегментте 22,8% немесе 13,4 трлн теңгеге дейін өскен.

Елде 10 ірі банк үздік нәтиже көрсеткен, жалпы сектор бойынша 22 екінші деңгейлі банктің 21-сі. 

Саладағы абсолют көшбасшы – Отбасы банкі. Қаржы институты салымдарды бір жылда 73%-ға ұлғайтып, 1,9 трлн теңге жинаған.

Екінші орында Jusan Bank тұр (бір жылда плюс 59,7%, 1,5 трлн теңге). Өткен жылы қаржы институты үздік ондықтағы АТФБанкін өзіне қосып алған еді.

Үшінші орында корпоративтік сегментте жұмыс істейтін "америкалық" Citibank Kazakhstan тұр (бір жылда плюс 30,1%, 900,4 млрд теңге).

Өткен жылдың қорытындысы бойынша сектордағы салымдардың өсуі халықтың салымдарымен қамтамасыз етілген. Алайда қазақстандықтар қарапайым депозиттерге аз қызығушылық таныта бастаған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу