Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, соңғы 3-4 жыл бойы халықтың несие алу көлемі жыл сайын шамамен 30 пайызға өсіп отырды. Сондықтан жағдай қосымша шектеу шаралары қабылдау қажет болды.
– Халыққа берілетін несиелерге қатысты секторлық контрциклдік капитал буферін енгіздік. Несие мерзіміне байланысты қосымша шектеулер қабылдадық. Естеріңізде болса, бұрын тұтынушылық несиелерді 5, 7, 8, тіпті 9 жылға дейін беруге болатын. Негізінде бұл ай сайынғы төлем мөлшерін азайтып, пруденциялық талаптарды айналып өту үшін жасалатын. Біз бұған шектеу қойдық, – деді Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында.
Сонымен қатар ол банктер үшін салық шарттарын өзгертілгенін атап өтті.
– Енді халыққа берілетін несиелерге корпоративтік табыс салығының 25 пайыздық мөлшерлемесі қолданылады, ал бизнеске берілетін несиелер үшін 20 пайыздық мөлшерлеме сақталады. Осылайша, банктерде тек халықты ғана емес, бизнесті де несиелендіруге қосымша ынта пайда болады, – деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.
Қабылданған тиісті шаралар нәтиже беріп жатыр. Халықты несиелендіру қарқыны баяулап, банктер бизнесті несиелендіру өсімін 18 пайызға жеткізді.