Банктерге рубльді Қазақстаннан шығаруға рұқсат берілмек

453

Қазақстандық екінші деңгейлі банктерге, Ресей рублін елден қолма-қол, бір реттік экспорттауға рұқсат беру жоспарланып отыр. 

Банктерге рубльді Қазақстаннан шығаруға рұқсат берілмек Фото: kz.tsargrad.tv

Ұлттық банк "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жаңа құжат Ашық Нормативтік құқықтық актілер сайтында қоғамдық талқылауға ұсынылды. Егер қаулы күшіне енсе, 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін жарамды болады.

Жалпы қазақстандық банктерде, ресейлік валюта үлесінің артуы, былтыр ақпан айында күрт өскен. Кейін қыркүйекте жұмылдырудан бой тасалап Қазақстанға келген ресейліктер ағынының артуы, қордағы рубльді одан сайын көбейтті. Бұл кезеңдерде қазақстандық банктерде 25 пен 35 миллиард аралығында рубль жинақталған. Ал Ұлттық банктің статистикалық талдаулары, 2023 жылдың 1 мамырында Қазақстандағы рубль қоры 9,8 млрд теңгеге тең екенін көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу