Банктің 31 миллион теңгесін иемденген күдікті Ресейден экстрадицияланды

311

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.  

Банктің 31 миллион теңгесін иемденген күдікті Ресейден экстрадицияланды Фото: Видеодан скриншот

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлағаны әйелді қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу нұсқасы бойынша ол 2015-2017 жылдар аралығында Астана қаласы банктерінің бірінің филиалының жетекші менеджері бола отырып, сомасы 31 миллион теңгеден астам қаражатын иемденіп, талан-таражға салған. 

Өткен жылдың маусым айында іздеуде жүрген адам Мәскеу қаласында ұсталды және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу