Барахолка базары маңында контейнер өртенді

Оқиға болған жерге төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жетті.    

Барахолка базары маңында контейнер өртенді Фото: inbusiness.kz

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2022 жылғы 11 қарашада сағат 10:56-да Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жолы 7 Б мекен-жайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

"Көлік кептелісіне қарамастан алғашқы бригада 8 минутта жетті. Онда контейнер өртенді. Күштер мен құралдар тартылып, дереу өртті сөндіру жұмыстары басталды, өрт саптамалары әкелінді, газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жұмыстарын жүргізді. Жағдай бақылауда", – деп хабарлады Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу