banner

Барахолкадағы өртті сөндіруге куәгерлер кедергі келтіріп жатыр

Сауда орталығы маңында қойма өртеніп жатыр.  

Барахолкадағы өртті сөндіруге куәгерлер кедергі келтіріп жатыр Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

11 қараша сағат 10:56-да Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жолы бойындағы барахолка базары маңында өрт шықты.

Бастапқыда Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жалынның контейнерден шыққанын хабарлаған. Алайда өрт қойманы да шарпығаны белгілі болды.

"Ең жақын өрт гидранттары 25 метр қашықтықта орналасқан, су үздіксіз жеткізілуде. Полиция оқиға болған жерді оқшаулауда. Бірақ жұмыстарға сол жерде жүрген куәгер кедергі келтіруде. Белгілі болғандай қойма отқа оранды. Өрт сөндіру бойынша 3 жедел штаб құрылды", – деп хабарлады Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу