Барлығына қолжетімді ипотека жылдық 9%-бен беріледі

385

1 мамырдан бастап жаңа ипотека іске қосылады. Оны Отбасы банкінің салымшылары ғана емес, азаматтардың басқа да санаттары ала алады.  

Барлығына қолжетімді ипотека жылдық 9%-бен беріледі

Ұлттық экономика министрі 1 мамырдан бастап іске қосылатын жаңа ипотекалық бағдарлама туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"24 KZ" телеарнасына берген сұхбатында Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 1 мамырдан бастап іске қосылатын ипотекалық бағдарламаға 300 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Министрдің айтуынша, 1 наурыздан бастап елімізде Отбасы Банкінің "Отау" ипотекалық бағдарламасы жұмыс істеді. Оған үлкен сұраныс болды және 18 мың өтініш берілді, оның ішінде 11 мың өтініштің сәйкестігі тексерілді және іс жүзінде мақұлданды. Бұл ретте бағдарламаға бөлінген 150 миллиард теңге 7-8 мың пәтерге ғана жетеді, яғни сұраныс мүмкіндіктен асып түсті, сондықтан жаңа ипотекалық бағдарламаларды енгізуді жалғастыру қажет.

"Жаңа бастама қосымша 12 мыңнан астам отбасын қамтуға мүмкіндік береді. "Отау" бағдарламасынан айырмашылығы, мұнда Отбасы банкінің салымшылары ғана емес, сонымен қатар азаматтардың басқа да санаттары, бірінші кезекте тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар - жас отбасылар, моноқалалардың, аудандардың тұрғындары қатысады", - деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Бағдарламаның шарттары азаматтардың әртүрлі санаттары үшін әртүрлі мөлшерлемелерді көздейтін болады:

Жергілікті органдар арқылы тұрғын үй алуды күткен кезекте тұрғандар үшін жылдық 7 пайыз, алдын ала жинақсыз, бағдарламаның қалған қатысушылары үшін жылдық 9 пайыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу