Барлық банкке бір QR: Қазақстанда бірыңғай төлем жүйесі іске қосылды

718

Ұлттық банк мәліметінше, барлық отандық банктер жаңа жүйеге қосылған.  

Барлық банкке бір QR: Қазақстанда бірыңғай төлем жүйесі іске қосылды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

19 шілдеде, жексенбі күні Қазақстанда мобильді төлем жүйесі ресми түрде іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл жүйе арқылы қазақстандықтар енді:

  • телефон нөмірі бойынша басқа банкке лезде ақша аудара алады;
  • кез келген банктің QR-коды арқылы дүкенде төлем жасай алады;
  • төлемдер тәулік бойы, нақты уақыт режимінде өтеді.

Кәсіпкерлер үшін де артықшылық бар: енді бірнеше терминал орнатудың қажеті жоқ, бір QR-код арқылы кез келген банктен төлем қабылдай алады. Жаңа жабдық сатып алудың да қажеті жоқ – бұрынғы терминалдарда-ақ жұмыс істейді.

Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бинур Мұратов Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 90 пайыздан асатын болса, ТМД елдеріндегі ең көп көрсеткіш 60 пайызға ғана жететінін айтты.

"Елімізде қолма-қол ақшасыз экономика саласы соңғы бірнеше жылда ерекше қарқынмен дамып келеді. Соңғы 6-7 жылда қолма-қол ақшасыз экономика көлемі 100 еседен астам өсіп, жыл сайын шамамен 200 триллион теңгеге жетті. Сауда нүктелерінде қолма-қол ақшасыз төлемдердің қолжетімділігі де айтарлықтай артты", – деді Бинур Мұратұлы.

Жүйені пайдалану үшін азаматтарға өз банктерінің мобильді қосымшаларын жаңарту немесе қолдау қызметіне жүгіну ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу