Барселонада Димаш Құдайбергеннің суреті бейнеленген автобустар жолға шықты

510

Жарнама 6 қазан мен 9 қараша аралығында Барселонаның жолаушы ең көп мінетін В24 және В25 бағыттарында көрсетіледі. 

Барселонада Димаш Құдайбергеннің суреті бейнеленген автобустар жолға шықты Фото: dimashnews.com

8 қарашада Барселона қаласындағы Бадалона Олимпиада аренасында өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне орай, Испаниядағы жанкүйерлері арнайы жарнамалық науқан ұйымдастырды. Қазіргі таңда қаланың көшелерінде әншінің суреті мен концерті туралы ақпарат ілінген автобустар жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл бағыттардың бірі тікелей Димаш өнер көрсететін Олимпиада аренасының алдынан өтсе, екіншісі үлкен Magic сауда орталығының жанынан өтеді. Осылайша күн сайын мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары қазақстандық әншінің бейнеленген афишаларын көре алады.

"Бұл – нағыз фантастика! Үздіксіз еңбектің нәтижесі осындай тамаша жетістікке жеткізді. Енді Димаш Барселонаның көшелерінен “жүріп өтетін” болды. Бұл жобаның жүзеге асуына атсалысқан әр жанкүйерге алғысымыз шексіз", – деп испаниялық жанкүйерлер өз қуаныштарымен бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу