"Барыстың" бас бапкері қызметінен кетті

347

Беларуссиялық маман Андрей Скабелка командадан кеткеннен кейін "Барыстың" бас бапкерінің міндетін атқарушы болып хоккейден Ғалым Мәмбеталиев тағайындалды.

"Барыстың" бас бапкері қызметінен кетті Фото: hcbarys.kz

Қазан айының бірінші аптасы Құрлықтық хоккей лигасындағы бапкерлердің ауысуы мен өзгерістерге толы болды. Қыркүйек айында тұрақты маусымда командалар қарқын алды. Клуб жетекшілері бастапқы сәтсіздіктерге әлі де төтеп беруге дайын болып, қазан айының басында турнир кестесі тұрақталды.

Дегенмен, алғашқы болып "Витязь" командасында өзгерістер орын алды. Мәскеу облысының клубынан бас бапкердің өзі қызметінен кетті. СКА-мен сырт алаңда жеңіліске ұшырағаннан кейін таңертең Александр Завьялов командасымен қош айтысып, ойыншыларға отставкаға кетуі туралы шешімін хабарлады. 53 жастағы маманның өтінішін клуб президенті Михаил Головков қанағаттандырды.

Ал Анвар Гатиятулин Челябинскіде жұмыс істеуге әлі де дайын болса керек, бірақ "Трактор" басшылығының шыдамы таусылған. "Салават Юлаевтан" өз алаңында жеңілгеннен кейін бірнеше минуттан соң Гатиятулиннің қызметінен босатылғаны туралы хабарланды.

Бүгін ҚХЛ-да соңғы бірнеше күндегі бас бапкерлерге байланысты үшінші өзгеріс орын алды. Бұл жолы Андрей Скабелка қызметінен кетті. Ол "Барысты" 2018 жылдан 2020 жылдар аралығында жаттықтырды. Беларуссиялық маманның жетекшілігімен команда Гагарин кубогінде плей-оффтың екінші кезеңіне екі рет шықты. "Барыс" Андрей Владимировичке клубтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабында сәттілік тіледі.

Бас бапкердің міндетін атқарушы болып 2009 жылдан бері клубтық жүйеде жұмыс істеп келе жатқан Ғалым Мәмбеталиев тағайындалды. Маман 2023 жылы еліміздің студенттер құрамасын жаттықтырып, шәкірттері Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың қола жүлдесін алып келді. Сондай-ақ "Номадпен" Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Бұдан бөлек Мәмбеталиевтің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Рига мен Тампереде өткен әлем чемпионатының қорытынды есебінде топта алтыншы және жалпы есепте 11-нәтиже көрсетіп, элитадағы орнын сақтап қалды. Турнир соңында қазақстандық хоккейшілерге "Камбекстан" деген лақап ат берілген болатын. Мәселе мынада, әлем чемпионатындағы әрбір жеңісті матчта қазақстандықтар есепті теңестіріп отырған. Ол уақытта элиталық дивизионда 2006 жылдан бері алғаш рет біздің команда тек жергілікті хоккейшілерден құралды. Бұл ұлттық құраманың бапкерлер штабына да қатысты.

Қазіргі таңда "Барыс" 11 ұпаймен "Шығыс" конференциясының кестесінде соңғы, 11-орында тұр. Команда келесі ойынын өз айдынында, 9 қазан күні Челябинскінің "Тракторына" қарсы өткізеді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу