Барыстың өлексесі Атырауда зерттеледі

1046

Әзірге одан жарақат пен оқ-дәрі ізі табылмаған.

Барыстың өлексесі Атырауда зерттеледі

Маңғыстау облысында табылған өлі барыстың денесінен жарақат іздері табылмаған. Сол сияқты, оған қарсы оқ атылмағаны белгілі болған. Бұл жөнінде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі  орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тарапынан хабарланды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, барыстың өлексесі сараптама жасау үшін Атырау қаласына жеткізілмек екен. 

Айта кетейік, "Қызыл кітапқа" енетін жануардың денесі 9 маусым күні Маңғыстау облысында "Манашы" мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы "Күйкентау" жерінен табылған еді. Бұл жөнінде "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшылығы хабарлағаннан кейін оқиға орнына "Қызылсай" МТП инспекторлары, Маңғыстау, Бейнеу ӨКМ қызметкерлері және мал дәрігерлерінен құрылған арнайы топ барды. 

Сарапшылардың жыртқышқа қастандық жасалмады деп алаңдауының жөні бар. Бұған дейін, нақтырақ айтсақ, 2015 жылы Жаңаөзен қаласында леопард кісі қолынан мерт болған.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу