Бас банк Qazaq Banki-н таратады

1064

Ұлттық банк төрағасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 326 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған банктің барлық басқару органының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады.

Бас банк Qazaq Banki-н таратады

ҚР Ұлттық банкі Qazaq Banki-не 2018 жылғы 27 шілдеде берген № 1.2.204/37 лицензиядан 2018 жылғы 28 тамыздан бастап айыру туралы шешім қабылдады. Енді аталған банктің банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге құқығы жоқ, деп хабарлайды бас банктің баспаөз қызметі.

Аталған шара "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" ҚР Заңының 48-бабы 1-тармағының в) және г) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем және аудару операциялары бойынша шарттық міндеттемелерін жүйелі түрде тиісінше орындамағаны, сондай-ақ пруденциялық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде бұзғаны үшін қолданылған.

Ұлттық банк төрағасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 326 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған банктің барлық басқару органының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады.

Енді  клиенттердің және банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операция 2018 жылғы 28 тамыздан бастап тоқтатылды.

Бас банк заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа Qazaq Banki қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен жүгінеді.

Qazaq Banki жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы. Осыған байланысты, депозиторларға белгіленген тәртіппен кепілдік өтемақысы төленетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу